Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мәжілістің VIII шақырылым депутаттарының толық құрамы

baq.kz

 Мәжілістің VIII шақырылым депутаттарының толық құрамы

27 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліске өткен партияларға қанша депутаттық мандат берілетінін жариялаған болатын. 5 пайыз және одан жоғары пайыз дауыс жинаған саяси партияларға берілген мандарттар саны мынадай: 1. AMANAT партиясы - 40 мандат; 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 8 мандат; 3. Respublica партиясы - 6 мандат; 4. Қазақстан халық партиясы - 5 мандат; 5. «Ақ жол» демократиялық - 6 мандат; 6. «Жалпыұлттық социал-демократиялық патриоттық партиясы» - 4 мандат. AMANAT партиясы AMANAT партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітілді. Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%. AMANAT сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Кандидаттар тізімі:1. Абдиев Ерлан Тұрсынбайұлы2. Авершин Константин Викторович3. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы4. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы5. Әбенов Мұрат Абдуламитұлы6. Әшімбетов Нұржан Кемерұлы7. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы8. Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы9. Бәшімов Марат Советұлы10. Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы11. Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы12. Дементьева Наталья Григорьевна13. Ергешбаев Мұрат Нәлхожаұлы14. Елеуов Ғалымжан Алмасбекұлы15. Заитов Ринат Рифхатұлы16. Имашева Снежанна Валерьевна17. Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы18. Казанцев Павел Олегович19. Керімбек Болат Бақбергенұлы20. Колода Дмитрий Владимирович21. Қошанов Ерлан Жақанұлы22. Құспан Айгүл Сайфоллақызы23. Кучинская Юлия Владимировна24. Мұсабаев Самат Базарбайұлы25. Нұртаза Самат Русланұлы26. Пономарев Сергей Михайлович27. Рау Альберт Павлович28. Рожин Максим Николаевич29. Савельева Татьяна Михайловна30. Саиров Ерлан Бияхметұлы31. Сарым Айдос Әміроллаұлы32. Сарсенғалиев Нартай Аралбайұлы33. Смағұлов Бауыржан Әміржанұлы34. Смышляева Екатерина Васильевна35. Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы36. Тәкиев Мәди Төкешұлы37. Толықбай Мақсат Мәлікұлы38. Тұрганов Дүйсенбай Нұрбайұлы39. Шапақ Үнзила Шапаққызы40. Шаталов Никита Сергеевич. «Ауыл» партиясы Топта әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударылды. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлау қорытындысы бойынша «Ауыл» ХДПП 10,9 пайызға ие болды. Бұл 8 мандатқа сәйкес келеді. Кандидаттар тізімі: 1. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы 2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі 3. Абден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасына сәйкес) 4. Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары 5. Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновация институтының президенті 6. Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары 7. Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры (жастар квотасына сәйкес) 8. Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам мүшелерінің квотасына сәйкес) Respublica партиясы Respublica партиясы 547 154 дауыс жинап, 8,59% көрсеткішпен Парламенттің төменгі палатасына 6 мандат алып, үшінші орынға ие болды. Кандидаттар тізімі: 1. Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров 2. Партияның тең төрағалары Динара Шүкіжанова 3. Руслан Берденов 4. Динара Наумова 5. Нұргүл Тау 6. Олжас Құспеков. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) ЖСДП Саяси кеңесінің отырысында Парламент Мәжілісінің 4 депутаттық мандатына кандидаттар тізімі бекітілді. Сондай-ақ әйелдер, жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдарға қатысты квота сақталды. Кандидаттар тізімі: 1. Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы 2. Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетұлы 3. Сағандықова Ажар Бақытқызы 4. Сайлаубай Наурыз Саятұлы «Ақ жол» партиясы Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша «Ақ жол» Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды. 27 наурыз күні «Ақ жол» партиясы Ұлттық кеңесінің пленумында депутаттық мандаттар бөлінді. Кандидаттар тізімі: 1. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты2. Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы3. Еспаева Дания Мәдиқызы - финансист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты4. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, Партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты5. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – Партия төрағасы6. Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы Қазақстан Халық партиясы «Қазақстан Халық партиясы» Парламент Мәжілісіне өткен 5 депутатын атады. Кандидаттар тізімі: 1. Саясаткер Магеррам Магеррамов 2. Саясаткер Ирина Смирнова 3. Көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі Гаухар Танашева 4. Параолимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы Кенжеғұл Сейтжан 5. Жастар квотасы бойынша Ислам Сұңқар Саяси партиялар үміткерлерін Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолдады. Бірмандатты сайлау округтерінің депутаттары 27 наурыз күні Орталық сайлау комиссиясының отырысында Мәжіліске бір мандатты сайлау округтерінен кімдердің өткені жарияланды. Астана қаласы №1 сайлау округі: Дәулет Тұрлыханов 71 698 дауыс; Астана қаласы №2 сайлау округі: Дәулет Мұқаев – 51 769 дауыс; Алматы қаласы №3 сайлау округі: Ермұрат Бәпи – 23 690 дауыс; Алматы қаласы №4 сайлау округі: Ерлан Стамбеков – 15 930 дауыс; Алматы қаласы №5 сайлау округі:: Бақытжан Базарбек – 22 685 дауыс; Шымкент қаласы №6 сайлау округі: Данабек Исабеков – 21 098 дауыс; Шымкент қаласы №7 сайлау округі: Болатбек Алиев – 19 851 дауыс. Абай облысы №8 сайлау округі: Нұртай Сәбильянов 131 872 дауыс; Ақмола облысы №9 сайлау округі: Айна Мысырәлімова 154 587 дауыс; Ақтөбе облысы №10 сайлау округі: Қазыбек Әлішев 238 195 дауыс; Алматы облысы №11 сайлау округі: Ардақ Назаров 122 242 дауыс; Алматы облысы №12 сайлау округі: Данияр Қасқарауов 153 225 дауыс; Атырау облысы №13 сайлау округі: Әділ Жұбанов 107 973 дауыс Батыс Қазақстан облысы №14 сайлау округі: Абзал Құспан 126 784 дауыс Жамбыл облысы №15 сайлау округі: Мұқаш Искандиров 99 021 дауыс; Жамбыл облысы №16 сайлау округі: Гүлдана Нұрымова 190 078 дауыс; Жетісу облысы №17 сайлау округі: Руслан Қожасбаев 132 678 дауыс; Қарағанды облысы №18 сайлау округі: Құдайберген Бексұлтанов 132 471 дауыс; Қарағанды облысы №19 сайлау округі: Арман Қалықов 145 228 дауыс; Қостанай облысы №20 сайлау округі: Әбіл Еркін 192 175 дауыс; Қызылорда облысы №21 сайлау округі: Мархабат Жайымбетов 148 646 дауыс; Маңғыстау облысы №22 сайлау округі: Еділ Жаңбыршин 117 386 дауыс; Павлодар облысы №23 сайлау округі: Амантай Жарқынбек 168 625 дауыс; Солтүстік Қазақстан облысы №24 сайлау округі: Еркебұлан Мәмбетов 153 736 дауыс; Түркістан облысы №25 сайлау округі: Қайрат Балабиев 142 595 дауыс; Түркістан облысы №26 сайлау округі: Ұласбек Сәдібеков 92 445 дауыс; Түркістан облысы №27 сайлау округі: Темір Қырықбаев 117 584 дауыс; Ұлытау облысы №28 сайлау округі: Ерболат Сатыбалдин 44 406 дауыс; Шығыс Қазақстан облысы №29 сайлау округі: Лұкбек Тұмашинов 165 596 дауыс.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024