Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясы. LIVE

baq.kz

 VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясы. LIVE

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясы басталды. Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос палатасының отырысы республикалық және аймақтық телеарналардың тікелей эфирінен көрсетеді. 10:10 - Президент: Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. 10:10 - Президент - Енді саяси партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. 10:09 - Мемлекет басшысы ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партияның Парламентке өтуіне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткізгендігімізді атап өтті. Бұған партияларды реттейтін заңнаманың өзгеруі де себеп болды дейді. 10:08 - Тоқаев: Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. 10:07 - Президенттің мәлімдеуінше, үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық және шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. 10:07 - Президент сондай-ақ айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз деп отыр. Бәсеке жоғары болғандықтан сайлау нәтижесін алдын ала болжау мүмкін болмағандығына тоқталды. 10:07 - Мемлекет басшысы: Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын. 10:06 - Президент: Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. 10:05 - Мемлекет басшысы реформалардың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделгенін және бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі екенін айтты. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. 10:05 - Мемлекет басшысы елімізде жаңа саяси мәдениеттің қалыптасып жатқанын алға тартты. Сайлауға қатысқан барша азаматқа алғыс айтты 10:04 - Тоқаев: Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Кешегі сайлауда партиялармен қатар, көптеген азаматымыз бірмандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді 10:03 - Президент конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалғанын атап өтті. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ, Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. 10:03 - Президент: Референдумды қосқанда бір жылдың ішінде 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік 10: 02 - Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа Жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс істелді. 10:02 - Тоқаев баршаны Парламенттің алғашқы сессиясының ашылуымен құттықтап, жаңадан сайланған депутаттарға табыс тіледі 10:00 - Президент кезекті сессияны ашқан соң Әнұран айтылды 9:59 - Тоқаев: Құрметті жиынға қатысушылар! Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес VIII шақырылымдағы Парламенттің І сессиясын ашық деп жариялаймын 9:58 - Сөз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевақа берілді 9:57 - Жиынға Сенаттың 50 депутатының 48-і, Мәжілістің 98 депутатының 98-і қатысып отырғаны белгілі болды 9:57 – ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров депутаттарға тіркеуден өтуді сұрады 9:45 – Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері отырыстан ақпарат тарату үшін Мәжіліс үйінің баспасөз орталығына жиналып жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар