Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елдегі жетекші әуе компаниялары бірнешеге бөлінуі мүмкін

almaty-akshamy.kz

Елдегі жетекші әуе компаниялары бірнешеге бөлінуі мүмкін

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Азаматтық авиация нарығында жоғары шоғырлану байқалады. «Эйр Астана» компаниясы қызметіне мемлекеттің қатысу үлесі - 76%. Бұл ашық аспан режимін реттейтін ақпараттың шектелуіне, авиаотын сатушылар арасында бәсекелі ортаның болмауына, жоғары баға, отын жетіспеушілігіне және әуежайды пайдаланушылар тарапынан шектеулерге әкеліп отыр», - деді Рустам Ахметов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, агенттік жоғарыда аталған мәселені шешу бойынша бірқатар іс-шараны қарастырып отыр.

«Алдымен әуекомпания активтерін жекешелендіру нарығында мемлекеттің қатысу деңгейін төмендету, әуе қатынасы нарығында шоғырлануды азайтып, бәсекелестікті арттыру үшін жетекші авиакомпанияларды бөлу, шетелдік тасымалдаушыларды тарту үшін 2028 жылға дейін ашық аспан режимінің мерзімін ұлғайту және авиаотын сатушылар мен әуежайлар арасында бәсекелі орта құруды көздеп отырмыз», - дейді ол.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 сәуір 2024