Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жастарға арнап семинар өткізілді

almaty-akshamy.kz

Жастарға арнап семинар өткізілді

Логистика және көлік академиясының және «UAQYT» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Soft skils» бойынша курсы» жобасының аясында Алматы қаласының жастарына «Тайм менеджмент» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Спикер ретінде филолог-педагог, тұлғалық даму, команда құру, менеджмент, компания басқару бойынша коуч Темірхан Биахмет шақырылды.

Семинар-тренинг студенттердің болашақ өмірден өз жолдарын дұрыс таба білуі үшін алдына мақсат қойып, жоспар құра білуге үйрету, осы тақырып бойынша білімдерін жетілдіру және адамгершілікке тәрбиелеу, уақытты тиімді пайдалана білу керектігін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

«Тайм менеджменттың бірінші қадамы - жоспар құра алу. Жоспар дұрыс құрылуы үшін ең басында үлкен мақсат тұрған абзал. Қазіргі таңда көбіміздің қателігіміз – адамдар уақытын не үшін жоспарлау керектігін түсінбейді. Сол себепті өз күнін жоспарлаған кезде бір күнге өте көп мақсат қояды. Негізгі уақытты тиімді пайдалану. Сол арқылы өзіңе, өзіңнің сүйікті ісіңе арнай алатындай уақытты босату. Сондықтан адам өз күнін жоспарлаған кезде 2 не 3 маңызды тапсырма қойса жеткілікті. Студенттер осындай қарпайым дүниелерді білгені жөн», – дейді Темірлан Биахмет.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024