Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сирек кездесетін дертпен туған бүлдіршінге күрделі ота жасалды

baq.kz

 Сирек кездесетін дертпен туған бүлдіршінге күрделі ота жасалды

№2 Қалалық клиникалық аурухананың травматолог-ортопед мамандары майтабанның туабітті ауыр түрімен және жетілмеген остеогенез (сүйектердің сынғыштығы) дертімен қатар ауыратын 4 жастағы балаға операция жасады. Бір сағаттан астам уақытқа созылған ота Понсети Орыс қауымдастығы президенті Максим Вавиловтың қатысуымен өткен бірегей шеберлік класы барысында жасалды. Аурухана баспасөз қызметінің дерегінше, туабітті ақауды түзету мақсатында пациентке сіңір ауыстыру, ахилопластика, аутотрансплантант орнату сынды бірнеше хирургиялық манипуляция жасалды. Күрделі операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жасалды. Аурухананың Травматология бөлімшесі меңгерушісі Ерлан Садырбалиннің айтуынша, сүйектері морт сынғыш болғандықтан, ұзақ уақыт бойы ота жасауға мүмкіндік болмапты. Осы уақытқа дейін ол елордадағы «Ана мен бала» ғылыми-зерттеу институтының алмастыратын терапиясымен шектеліп келген. Бала іштен осындай дертпен туған. Уақыт өте келе табандары ауырып, пішіні өзгерген. Бала болып жүгіріп, секірмек түгіл, аяғы басқанда да ауыратын. Біз көпке дейін оған операция жасай алмадық. Егер жасасақ, сүйектері шыдамай, шашырап, сынып кететін еді. Сол себепті баланың сүйегі қатқанша, яғни 4 жасқа дейін күттік. Вальгусты майтабанға ота жасалды, енді ол жоғарыда айтылған шағымдардың бір бөлігінен арылуы тиіс, - дейді Ерлан Садырбалин. Кішкентай пациент ауруханадан шықты. Алдағы уақытта ол медициналық оңалтудан өтеді. Естеріңізге сала кетсек, бүгінде туабітті ақау зардабын тартып келе жатқан, инсульт салдарынан мидағы қан айналымы бұзылған, инфарктпен ауырған, омыртқасы мен буындарына немесе кардиохирургиялық ота жасатқан, қимыл-қозғалыс аппараты зақымданған пациенттер медициналық оңалтудан өте алады. МӘМС арқылы көрсетілетін емнің бұл түрі емханалар мен ауруханаларда ғана емес, жеке меншік клиникаларда, реабилитациялық және спорттық-оңалту кешендері мен санаторийлерде де көрсетіледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 шілде 2024