Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

baq.kz

 Шу тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

Олар Шу ауданында арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «ToyotaCorolla» маркалы автокөлігін тоқтатқан болатын. Тінту кезінде машинаның жүк салғышынан жолаушыға тиесілі жалпы салмағы 11 келі 760 гр болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты салынған қара полиэтилен пакет табылды. Күдікті – Шу қаласының 50 жастағы тұрғыны өзі кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, – деп хабарлады ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 шілде 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар