Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Вагнер" әскери компаниясы Түркиядан қару сатып алмақ болған – Пентагонның әшкере құжаттары

azattyq.org

Вагнер әскери компаниясы Түркиядан қару сатып алмақ болған – Пентагонның әшкере құжаттары

Журналистер Украина мен Ресей әскері жөнінде Пентагон мен Орталық барлау басқармасынан шығып кеткен құпия құжаттар туралы жаңа мәліметтер анықтады. Бұл құжаттар Америка арнаулы қызметі екі елдің де әскери мүмкіндіктері жинаған ақпараттарының ауқымын көрсетеді. Құпия құжаттардың қалай жарияланып кеткенін Американың The New York Times пен Washington Post газеттері зерттеп жатыр.Бұл құжаттарға қарағанда, ақпан айының басында "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Украина мен Малидегі ұрыс қимылдарына арнап қару сатып алу үшін Түркиямен келіссөз жүргізген. Екі тараптың келісімге келген-келмегені белгісіз. "Дегенмен, НАТО мүшесі бола тұра Ресейдің әскери құрылымымен қару саудасы туралы сөйлескені - Түркияның репутациясына үлкен соққы болуы мүмкін" дейді Washington Post.Әшкере болған құжатта Қытайдың Укринадағы соғысқа байланысты ұстанымы да сөз болған. Орталық барлау басқармасының есебінше, Пекин НАТО-ны агрессор деп танып, Ресейге қолдауды ұлғайта түсу үшін Украинаның Ресейде диверсияны күшейткен сәтін күтуі мүмкін. Әзірге АҚШ пен Еуропа одағының қолында Қытайдың Кремльге қару бергені жайлы ақпарат жоқ, бірақ Украина НАТО қаруын пайдаланып, Ресейде диверсияны күшейтетін болса Қытай қару бере бастауы ықтимал, - дейді барлау есептері.Иранның ядролық бағдарламасы мен Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары жайлы құжаттар да жария болған.Құпия құжатардың қалай жарияланғаны әзірге белгісіз. Бұл құжаттар АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларына арналған, оның ішінде АҚШ қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Марка Милли де бар. Құжаттан нақты мәліметтерден өзге Америка арнаулы қызметі өзге елдердің жоспарлары мен әрекеттері туралы қаншалықты хабардар екенін көруге болады. The New York Times АҚШ Украинадан гөрі Ресейдің әскери операциялары туралы нақтырақ біледі деп жазады.Журналистер "құпия құжаттардың жария боп кеткені АҚШ пен одақтастарының қатынастарын күрделендірді, Американың құпия сақтай алатынына күмән туғызды" деп жазды.Жұма күні "АҚШ қорғаныс министрлігінің басшылығы барлау мәліметтеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін шектеді" деп хабарлады Washington Post газетінің екі дереккөзі. Оның бірі мұны әдеттегіден әлдеқайда қатаң шара деп сипаттап, "Пентагон басшылығындағы абыржушылықтың белгісі" деп есептеген.АҚШ әділет минмистрлігі тексеріс басталғанын хабарлаған.Кейінгі күндері Америка арнаулы қызметіне тиесілі құпия құжаттар бірнеше рет ірі көлемде жария болған. Оның көпшілігі Ресей мен Украина соғысы жөніндегі ақпараттар. "Коммерсант" басылымының хабарына қарағанда, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ пен НАТО-ның Украинадағы конфликтіге қатысы бар екеніне Мәскеудің күмәні жоқ екенін мәлімдеген. Украина президенті офисінің кеңесшісі Михаил Подоляк "жария болған құпия ақпараттар жалған" деп мәлімдеді. Оның сөзінше, мұндай өтірік ақпараттарды Мәскеу ойлап табады, ал Украина өзінің нақты жоспарын майданда көрсетеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 желтоқсан 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар