Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей думасының бір күнде екі депутаты өлген

azattyq.org

Ресей думасының бір күнде екі депутаты өлген

Жексенбі, 23 сәуірде Ресей мемлекеттік думасының екі депутаты өлген. Екеуі де билікшіл "Единая Россия" партиясының мүшесі.Жексенбі күні таңертең 77 жастағы депутат Николай Борцовтың өлгені туралы хабарды Липецк облысының басшысы Игорь Артамонов хабарлаған. Неден өлгені айтылмаған.Борцов думаның бес шақырылымында депутат болған. "Медуза" Борцовты табысы өте көп 100 мемлекеттік қызметкер санатында Forbes тізіміне кіріп, Ресейдегі ең бай адамдарының қатарында тұрғанын жазған. Дума депутаттарының көпшілігі секілді Борцов та Ресейдің Украинаға басып кіргеніне байланысты АҚШ пен Батыстың санкциясына ілінген.Жексенбі күні түстен кейін думаның тағы бір депутаты Жашарбек Өзденовтің өлгені мәлім болған. 56 жастағы Өзденов 2021 жылы Қарашай-Шеркестен депутат болған. Оның ауыр дерттен өлгенін "Единая Россияның" думадағы фракциясының басшысы Владимир Васильев хабарлаған.Ресей мемлекеттік думасының қазіргі сегізінші шақырылымы 2021 жылы жетоқсанда жұмысына кіріскен. Бұған дейін де екі депутаты өлген. Соның бірі - көп жыл бойы Ресейді агрессияшыл саясат жүргізуге шақырып келген Владимир Жириновский.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 ақпан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар