Биыл Қазақстанда әскери парад тағы да өтпейді
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанның қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейтінін мәлімдеді. "Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға басымдық беріледі", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Әскери парад өтпесе де, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге құрмет көрсету, майданда қаза тапқан батырлар мен олардың ерлігін еске алу секілді түрлі әскери-патриоттық шаралар жоспарланып отыр. 7 және 9 мамырға жоспарланған өзге де іс-шаралар туралы ақпарат жақын арада қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланады. Айта кетері, Қазастанда әскери парад соңғы рет 2018 жылы өткен болатын.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 ақпан 2026
18 ақпан 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар