Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путин Ресей басып алған аумақта РФ азаматтығын қабылдамаған украиндерді депортациялау туралы жарлық шығарды

azattyq.org

Путин Ресей басып алған аумақта РФ азаматтығын қабылдамаған украиндерді депортациялау туралы жарлық шығарды

Владимир Путин Ресей азаматтығын қабылдамаған жергілікті тұрғындарды аннексияланған украин жерінен депортациялауға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланды.Жарлыққа сәйкес, Украинаның Ресей басып алған аумағында тұрып жатқан украин азаматтары не Ресей азаматтығын қабылдауға тиіс, не одан ресми түрде бас тартуы керек. Екінші вариантты таңдаған адамдар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап шетел азаматы деп есептеледі.Ресей басып алған аймақтан "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп, конституциялық құрылымды күшпен құлатуға шақырғандар экстремизмді немесе терроризмді қаржыландырғандар, заңсыз акцияларға қатысқандар" да депортациялануы мүмкін.Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Украинаның Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарын аннексиялап, оларды "өз жері" деп жариялаған. Дегенмен осы облыстардың біраз бөлігін украин әскері бақылап отыр. Ал Херсон қаласын Украина қарулы күштері Ресей әскері аннексия деп жариялағаннан кейін азат еткен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар