Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шольц: Германия қаруы Ресейге соққы беруге қолданылмауға тиіс

azattyq.org

Шольц: Германия қаруы Ресейге соққы беруге қолданылмауға тиіс

Германия берген қару-жарақты Украина Ресей жерін атқылауға қолданбауы керек. Мұны Бендорфта қоғамдастықпен диалог шеңберінде сөйлеген Германия канцлері Олаф Шольц айтты.Германия үкіметінің басшысы Украинаға қару беріп жатқан өзге елдер де осындай талап қойып отырғанын атап өтті. Шольцтің сөзінше, Украинаға көмек берілуі керек, бірақ ол көмек жанжалды одан әрі ушықтырып, НАТО қатысатындай жағдайға жеткізбеуі керек.АҚШ та өз қаруы халықаралық қатынаста мойындалған Ресей жеріне соққы беру үшін пайдаланылмауға тиіс деп ресми түрде мәлімдеді.Германия канцлері Берлин Киевке қаруды одақтастармен келісім бойынша ғана беретінін айтты.Бұған дейін Шольц жанжалды одан сайын ушықтырмас үшін Украинаға жойғыш ұшақ берілмейтінін сөз еткен. АҚШ президенті Байден де осыған ұқсас пікір білдірген.Украина ATACMS зымыраны мен жойғыш ұшақты алған жағдайда оны Ресей аумағына соққы жасауға пайдаланбауға әлденеше рет уәде берген. Қырым туралы сөз болған ба, жоқ па, айтылмаған.Бұған дейін Мәскеу Қырымға шабуыл жасалса, қолындағы қару-жарақтың бәрін қолдануға дайын екенін бірнеше рет қайталаған.НАТО елдері Украинаға уәде еткен әскери техникасының 98 пайыздан астамын берген. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің сөзінше, оған 1550-ден астам беренді мәшине, 230 танк, өзге де қару-жарақ пен мол оқ-дәрі кіреді.Ресей билігі НАТО Украинаға қару беріп, отпен ойнап отыр деп есептейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар