Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украина радасы Ресей әрекетін фашизмге теңеп, "рашизм" деп айыптайтын қаулы қабылдады

azattyq.org

Украина радасы Ресей әрекетін фашизмге теңеп, рашизм деп айыптайтын қаулы қабылдады

Сейсенбіде Украинаның Жоғарғы радасы "Ресей федерациясының саяси жүйесі қолданатын рашизм идеологиясы, рашизмнің тоталитарлық және адамзатты жеккөретін принциптері мен іс-тәжірибесін айыптау туралы" қаулы қабылдадыРада депутаты Алексей Гончаренконың сөзіне қарағанда, қаулыны 281 депутат қолдап дауыс берген.Жоғарғы рада төрағасы Руслан Стефанчук Фейсбук парақшасына: "Бүгін маңызды мәлімдеме қабылданды. Украина Жоғарғы радасы рашизмді Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатына айналған идеология және практика деп айыптады" деп жазды.Рада қабылдаған құжатта соғыс "Владимир Путиннің саяси режимі бұрынғы фашизм мен ұлтшыл-социализмнің қазіргі нұсқасы Ресей фашизмі (рашизм) ретінде неоимперияшыл, тоталитарлық диктатура екенін көрсетіп берді" деп жазылған.Украина парламенті БҰҰ-ға, Еуропарламентке, ПАСЕ-ге, ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясына және жекелеген мемлекеттердің үкіметтері мен парламентттеріне "рашизм идеологиясы мен саясатын айыптауды қолдауға" шақырған.Жоғарғы рада мұнан өзге халықаралық қауымдастықты Ресейдің әскери-саяси жетекшілігін Украина мен оның халқы алдындағы қылмысы үшін жауапқа тартатын шара қолдануға шақырған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 сәуір 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар