Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркиядағы президент сайлауында 5 пайыз дауыс жинаған кандидат екінші турда Ердоғанды қолдауға шақырған

azattyq.org

Түркиядағы президент сайлауында 5 пайыз дауыс жинаған кандидат екінші турда Ердоғанды қолдауға шақырған

Түркиядағы президент сайлауының бірінші турында 5 пайыз дауыс алған кандидат Синан Оған өз жақтастарын Реджеп Тайып Ердоғанға дауыс беруге шақырды. Бұл туралы Түркияның Hurriyet басылымы жазған.Синан Оған Ердоғанмен кездесуден кейін осындай шешімге келген. Hurriyet ақпаратына қарағанда, Синан Оған Конституцияның кейбір баптарын өзгертпесе, барлық терроршыл топқа қарсы күресетін болса, Сирия босқындарын шығарып жіберсе, Ердоғанды қолдайтынын айтқан.14 мамырда Түркияда президент сайлауы өтті. Сайлаушылардың 49,5 пайызы Ердоғанға дауыс берген. Ердоғанның басты бәсекелесі, оппозицияның ортақ кандидаты Кемал Қылышдароғлы 45 пайызға жуық дауыс алған. Кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған соң, 28 мамырға сайлаудың екінші туры белгіленген.Сарапшылардың ойынша, Синан Оғанның қолдауынан кейін Ердоғанның екінші турда жеңіске жету мүмкіндігі көбейе түседі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 қаңтар 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар