Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Инвестициялық жобалардан игілік бар ма?

baq.kz

 Инвестициялық жобалардан игілік бар ма?

Әйтсе де кейбір үміт артқан кәсіпорындар үдеден шықпауда. Жоғарыдағы көрсеткішке жету үшін, жергілікті билік өңірдегі кәсіпорындардың өнім көлемін ұлғайтуды тапсырып, Ақсу қант зауыты мен Текелі тау-кен өңдеу комбинатына сенім артып отыр. Әйтсе де ақсулық кәсіпорынның әлеуеті жете ме, жетпей ме күмәнді. Ал комбинаттың жайына жыл соңында үңілеміз. Дегенмен өңірде былтырдан қарағанда өндіріс көлемі 2 пайызға дейін ұлғайып, 226,8 млрд теңге жетсе, тартылған инвестиция көлемі 17 пайызға дейін артып, жалпы сомасы 269,7 млрд теңгені құрап отыр. Биыл 8,6 пайыз өсіммен 328,0 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Одан бөлек, 918 жұмыс орнын құру арқылы 45,3 млрд теңгеге 52 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Әйтсе де инвестициялық портфельге жобаларды енгізу барысында аудан және қала әкімдері жобалардың мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырмай, сол себепті бірнешеуі қысқарған. Мұндай жағдайлар Ескелді, Сарқан, Ақсу аудандарында орын алып отыр. Оған себеп аудан әкімдерінің жауапкерсіздігі. Мұны естіген облыс әкімі Бейбіт Исабаев жауапты мамандарға қатаң ескерту берді. Жоспарланған әлеуетті жобаларды қайта бір пысықтауды тапсырды. Осы ретте шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсетіле береді. Неге десеңіз, экономикалық белсенді халықтың дені сол салаларда қызмет етеді. Демек, әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында көмек беру маңызды. Жалпы өңірде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 53,6 мың бірлікті құрайды. Олар шамамен 100 мыңға тарта адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Былтыр өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 43,4 пайызға жеткен. Мәселен, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында өткен жылы 6,4 млрд теңге бөлінген. Одан бөлек несиелік сомасы 26 млрд теңгеге 378 жоба мақұлданыпты. Атап айтсақ, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 24 млрд теңге несие сомасына 108 жоба қаржыландырылып, 145 жаңа жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, ішінара кепілдік беру бойынша 1,4 млрд теңге кепілдік сомасына 145 жоба қаржыландырылған. Тиісінше 183 жаңа жұмыс орны жасақталған. 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беруге 393 жұмыс орнын құрумен 595,0 млн. теңге сомасына 125 жоба мақұлданған. Оның ішінде 35 жоба бойынша 170,0 млн теңге төленген. Былтыр ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 510 млрд теңгені өскен. Бұл көрсеткіштің басым бөлігі мал шаруашылығына тиесілі. Сүт өндірісі 8 пайызға, ет өндірісі болса 2,6 пайызға артқан. Бірақ, бұл өсімнен де жоғары нәтиже көрсетуге болар еді. Әйткенмен, облыстағы 9 сүт зауытының жалпы қуаттылығы 80 мың тонна болғанымен, 64,8 тонна шикізат өңделеді. Бұл кәсіпорындар жүктелген міндетті толық орындамай отырғанын көрсетеді. Яки, 81 пайыз ғана. Одан бөлек Жетісуда құс етін өндіретін бір де бір фабрика жоқ. Енді өңірлік билік өкілдері осы мәселені шешу үшін жаңа жобаларға иек сүйеуде. Мысалға Қаратал ауданында қуаттылығы 13 мың тонналық құс фабрикасын салу жоспарлануда. Жалпы Ақсу, Ескелді, Көксу аудандарында АӨК саласының көрсеткіштері төмен, ал Ескелді ауданында өткен жылы бірде-бір инвестициялық жоба іске асырылмаған. Әрине бұл аудан әкімдеріне үлкен сын. Былтыр пайдаланбай жатқан 128,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, облыстың өңіраралық геоақпараттық жүйесіне енгізілді. Тіпті Ақсу ауданы әкімдігі атқаруы тиіс мониторингілеу жұмысын облыстық жер қатынастары басқармасы мамандары аяқтауына тура келген екен. Енді биыл 220 мың гектар ауыл шаруашылығына тиісті жерді мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Дегенмен, салаға жауапты мамандар өткен жылы сауда көлемі 30,4 пайызға ұлғайып, 362,5 млрд. теңгені құраған. Ал бөлшек тауар айналымының көлемі 1,8 пайызға артқан. Инвестицияның нақты көлем индексі жақсы өсуді көрсетті, республика бойынша екінші орында, бюджеттен тыс инвестициялардың үлесі 60,3 пайыз. 2022 жылы 16,3 пайыз өсіммен 269,7 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылы бір мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 36,2 млрд теңгеге 39 инвестициялық жоба іске асырылды, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқарма қызметкерлері. Олардың айтуынша, Қазақстан аумағында металлургиялық кремний өндіретін алғашқы зауытын Қаратал ауданындағы «KazSilicon» металлургиялық комбинатын» жаңғырту және іске қосу сияқты ірі жобаны атап өтуге болады. Сонымен қатар Текелі қаласындағы «Электромарганец» темірді тікелей қалпына келтіру зауытының және Сарқан ауданындағы «Eneverse Kunkuat» жел электр станциясының құрылысы аяқталған. Өңір әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыста 23 жылыжай жұмыс істейді. Олар толықтай замануи құрал жабдықпен қамтылған. Былтыр 448 мың тонна көкөніс өндіріліпті. Ал бақтың көлемі 5,2 мың гектарға дейін артқан. Апорт сортының алма ағаштары – 0,4 мың гектар құрап отыр. Өткен жылы10,6 гектар бақ отырғызылса, оның 1,5 га сүйекті, қалғаны дәнді дақылға жатады. Жылқы саны 5,1 пайызға өсіп, сүт пен ет өндірісінде аз да болса өсім бар. Сондай-ақ, 4 мыңға жуық басқа арналған 8 бордақылау алаңы мен 2 сүт-тауар фермасы құрылған. Қазір 77 бордақылау алаңы мен 8,5 мың басқа арналған 36 сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Қазір, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сырттан инвестиция тарту жұмыстарымен жүйеле түрде айналысуда. Әрі басқарма басшыларына да осы мәселені жүктеуде. Аудан әкімдерінің салғырттығы әлі де ауыл шаруашылығына артылар міндетті еселеуде.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 маусым 2024