"Балалар толығымен эвакуацияланды". Алматы мектептері қоршауға алынды

Қазіргі уақытта №61, 83 мектептерінің аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланды. Іс-шаралар алгоритмге сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпарат іс-шаралар аяқталған соң беріледі. Аталған жағдайға азаматтарды түсінікпен қарауды сұраймыз, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алматы полиция департаментінің мәлімдеуінше, белгісіз біреу мектептің электронды поштасына білім ордасына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама жолдаған.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
2 маусым 2023