Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқу-ағарту министрлігі түлектердің мектеп бітіру кештері жайлы айтты

baq.kz

 Оқу-ағарту министрлігі түлектердің мектеп бітіру кештері жайлы айтты

Бүгін барлық мектепте түлектер арнайы салатанатты іс-шараға қатысты. Осы жиынды өткізгеннен кейін мектеп түлектері осындай сәтті атап өтуі мүмкін. Бұл - ата-аналар мен мектептің өз еріктерінде. Алайда бұл іс-шараларды өткізуге қатысты бірқатар ереже бар екенін атап өту қажет. Ең алдымен бізде қазір сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ата-аналардан мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға, оның ішінде оны ұйымдастыруға арнайы агенттіктерді тартып, студияларды жалдауға ақша жинауға тыйым салынған. Осының алдында да ата-аналар мен педагогтерді ескерткен болатынбыз, - деп айтты вице-министр брифингте. Еділ Оспан балалардың түнгі ойын-сауық мекемелерінде болуы заңмен қатаң реттеледі. Бұл жағдайларда балалардың заңды өкілдерінің бірге болуы, қоғамдық тәртіптің бұзылмауы ерекше бақылауда болады. Мектепті аяқтау - кез келген жасөспірім үшін маңызды, толқитын сәт. Сондықтан мектеп, ата-ана, мемлекеттік орган түлектердің шалыс қимыл, қателік жасамауына, ол сәтті ерекше өткізуіне қолдау көрсетуі керек. Заңдағы шектеу шаралары да осыған бағытталған, - деп түсіндірді ведомство өкілі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024