Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Орталық Азия - Еуропалық одақ: Шолпан-Ата саммиті

almaty-akshamy.kz

Орталық Азия - Еуропалық одақ: Шолпан-Ата саммиті

Ертең, 2 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Чолпан-Ата қаласында өтетін екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитіне қатысады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Онда аймақ елдерінің басшылары мен Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель аймақтар арасындағы саяси, экономикалық, сауда және мәдени ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылайды. Бұған қоса халықаралық өзекті тақырыптар мен ОА-ЕО арасындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасады. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен өтетін саммитте президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммад Аманипесов, Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель қатысады. Саммит туралы 30 мамыр күні Қырғызстан президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азимбеков жасаған ресми мәлімдемеде, тараптар көпжақты және екіжақты кездесулер де өткізетіні айтылған. Саммит Қазақстанды қамтыған Орта Азия аймағындағы геосаяси іс-қимылдардың аса қызу кезеңінде өтіп отыр. Бұдан бұрын АҚШ және Қытай тарабы да аймақ елдерімен 5+1 форматында саммит өткізген еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024