Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда 51 әйел менторлық бағдарламаның іріктеуінен өтті

almaty-akshamy.kz

Алматыда 51 әйел менторлық бағдарламаның іріктеуінен өтті

Үміткерлерде жұмыс істеп тұрған бизнестің болуы шарт, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасында менторлық сүйемелдеуге іріктеу 22 және 25 мамырда өтті. Ментордың оқу курсына қатысам дейтіндер көп болды. Оқу курсына 51 қыз-келіншек өтті. Еске сала кетсек, бұл қызмет "Мен кәсіпкер" жобасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының бағыты бойынша көрсетіледі. "Менторлық бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Өткен жылғы 25 ментор бүгін де өз бизнестерін табысты жүргізіп жатыр. Тәлімгерлікпен кәсіп бастау, бизнесті тиімді жүргізу өте ыңғайлы. Әр қатысушыға менторлық сүйемелдеу осы жылдың соңына дейін көрсетіледі. Биыл қатысушылардың саны екі есе көп, олар екі топқа бөлінеді", – деді Алматы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ақеркін Ералиева. Бағдарлама тәлімгерлері "Кемел ұстаз" оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Нұрсұлу Оразбаева және ҚБТУ университетінің сеньор-лекторы, "Nativa Language Solution" оқу орталығының директоры Алуа Нұрбаева болып белгіленді. Тәлімгерлер бизнес басшыларының біліктілігіне бағалау жүргізеді, сондай-ақ біліктілік пен дағдыларды одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жұмыс жоспарын әзірлейді. "Жобаның мақсаты – кәсіпкер әйелдерді бизнес жүргізу дағдыларына үйрету, масштабтау және дамыту, кәсіпкер әйелдерді бағдарлама шеңберінде бизнес жүргізуге сүйемелдеу, оқыту және тәлімгерлік. Бұл қызметтердің барлығы өтеусіз негізде көрсетіледі", – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024