Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Педагогтердің еңбек демалысына шығуына ешбір кедергі болмауы керек

baq.kz

 Педагогтердің еңбек демалысына шығуына ешбір кедергі болмауы керек

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оқу-Ағарту министрлігі жергілікті атқарушы органдардың білім саласындағы қызметін үйлестіру мен әдістемелік басшылықты жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында білім басқармаларының қызметіне кешенді зерделеу жүргізеді. Зерделеу тек білім басқармаларының жұмысын қамтиды, сәйкесінше балабақшаларға, мектептерге, колледждерге және басқа да білім беру ұйымдарына бару көзделмейді. Зерделеудің негізгі мақсаты білім беру жүйесінің дамуын тежеуші факторларды және үздік өңірлік тәжірибені анықтау болып табылады. Сондай-ақ зерделеу барысында Министрліктің комитеттері мен департаменттерінің мамандары және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетеді. Зерделеу жүргізу үшін өңірлік басқармалар қызметінің барлық бағыттарын қамтитын арнайы өлшемшарттар әзірленді, - деді ол. Іс-шараның қорытындысы бойынша өңірлердің білім беру жүйесін жетілдіру және олардың қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар беріледі. Білім басқармаларын зерделеуге мұғалімдер немесе білім беру ұйымдарының басшылары тартылмауы тиіс екенін тағы да еске салғым келеді. Білім беру ұйымдары үшін жазғы демалыс уақыты басталды, мұғалімдер бекітілген кестеге сәйкес кезекті демалысқа шығады. Қорытынды емтихандардан кейін де педагогтердің заңды еңбек демалысына шығуына ешбір кедергі болмауы керек. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық педагогтерге 2022-2023 оқу жылы ішінде атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіреді және жақсы жазғы демалыс тілейді, - деді комитет төрағасы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024