Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңгі күнге деген үміті – әкім

baq.kz

 Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңгі күнге деген үміті – әкім

Өңірдің барлық елді мекендерінде шығармашылық ұжымдарының қойылымдары, әртүрлі конкурстар, спорттық жарыстар ұйымдастырылған.

Ақтөбеде балаларға арналған мерекелік шаралар қаланың жеті алаңында ұсынылды. Балаларды қорғау күніне арналған басты шара Орталық саябақта өтті.

Ералы Тоғжанов ақтөбеліктерді ежелден келе жатқан халықаралық мерекелердің бірімен құттықтады.

Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңгі күнге деген үміті. Бұл мереке ата-аналар үшін де, мемлекет үшін де үлкен маңызға ие. Ақтөбе облысында 200 мыңнан астам бала бар. Сіздер лайықты тәрбие алсын, ұлттық тамырынан ажырамасын, заманға бейім болсын, бос уақытын пайдалы өткізсін, қажетті ем-домын еш кедергісіз алсын, арман-қиялының шындыққа айналарына сенсін деген мақсатпен өңірде қаншама ауқымды шаралар атқарылып жатыр, болашақта да жалғасын таба бермек. Өңір басшысы ретінде мен, әрдайым балаларға арналған жобаларға қолдау көрсетіп, армандарыңыздың орындалуына жағдай жасап келемін. Менің сіздерге артар үмітім зор және ертеңгі күні облысымыз бен мемлекетіміздің атын шығаратын, елге танытатын азаматтар боласыздар деп сенім білдіремін, - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Облыс әкімі республикалық пәндік олимпиаданың 32 жеңімпазына алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыстап, білім шыңын бағындыру жолында сәттілік тіледі.

Іс-шара аясында арнайы балалар үшін Жас натуралистер станциясынан ашық аспан астындағы хайуанаттар бағы, қол өнер бұйымдарының жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама, спорттық-эстафеталық ойындар ұйымдастырылды.

Мереке қарсаңындағы жарыстардан ең кішкентай ақтөбеліктер де тыс қалмады. 6 айдан 18 айға дейінгі сәбилер еңбектеп жарысса, ал 3 пен 5 жас аралығындағы балалар үш дөңгелекті велосипедпен жарысқа түсті. Сондай-ақ, бесік арбалар шеруі ұйымдастырылып, ата-аналар балаларының әртүрлі тақырыптағы әшекейленген бесік арбаларын таныстырды.

Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылдан бері аталып өтіледі. Бұл мейрам, ең алдымен, әділетті қоғам қалыптастыру мақсатында ересектерге бала құқықтарын қорғау, пікір және дін бостандығы, білім алу, демалыс және бос уақытын тиімді өткізу, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтан қорғау, балалар еңбегін пайдаланудан сақтау қажеттігін еске салады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024