Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада Тальго пойызының миллионыншы жолаушысы марапатталды

baq.kz

 Астанада Тальго пойызының миллионыншы жолаушысы марапатталды

Бүгін бас қалаға Шымкент – Астана бағытындағы №85/86 «Тальго» пойызының жыл басынан бергі миллионыншы жолаушысы келіп түсті. Мерейтойлық жолаушы 10 жасар Нұрбақыт Ағабек екен. Ол Шымкенттен анасымен бірге елордаға ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында жүзуден жарысқа қатысу үшін келген. Елордалық вокзал кешенінде Нұрбақытты «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Мұхит Тұрсынбаев пен пойыз жолсеріктері салтанатты түрде қарсы алып, марапаттады. Тосынсый иесіне Apple ІPad гаджетін, сымсыз құлаққап, жеміс-жидек себетін және гүл шоғын сыйлады. Бұл біз үшін үлкен тосын сый болды. Жақында менің ұлымның туған күні, ал бұл сыйлықтар расында керемет. Осындай акцияны ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Бүгін біз көптеген жағымды эмоцияларға бөлендік!, – деді миллионыншы жолаушының анасы Жайна Фазылбекова.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024