Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украина: Қарсы шабуыл ұрымтал сәт туғанда басталады, алдын ала хабарланбайды

azattyq.org

Украина: Қарсы шабуыл ұрымтал сәт туғанда басталады, алдын ала хабарланбайды

Украина қарсы шабуылды қай күні, қай сәтте бастайтынын алдын ала хабарламайды. Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Италияның Corriere della Sera басылымына берген сұқбатында Украина әскерінің тактикасы ұдайы өзгеретінін, ұрымтал сәт туғанда қарсы шабуылға көшетінін мәлімдеді.Жексенбіде Украина қорғаныс министрлігінің өкілі Анна Маляр Украина әскери қызметкерлерінің тыныштыққа шақырған видеосын жариялады. Ролик: "Жоспар тыныштықты қалайды. Қашан басталатыны хабарланбайды" деп аяқталады.Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украина әскерінің қарсы шабуылы жөнінде бірнеше мәлімдеме жасаған. Украина қарулы күштерінің қарсы шабуылға дайын екенін, алайда қай күні басталатынын айту қиын екенін мәлімдеген.Украинадағы соғыс жайлы жазып жүрген Ресейдің телеграм-арналары жексенбі күні Украина әскері Запорожье мен Донецк облысының шекарасындағы Великая Новосёлка кенті маңына соққа бергенін хабарлаған. Бірқатар арналар Украина әскерінің осы кент төңірегіндегі екі елдімекенді қайтарып алғанын хабарлады. Украинаның кейбір ақпарат көздері де солай жазды.Ресейдің кейбір арналарының жазуына қарағанда, Украина әскери қорғанысты бұза алмаған, техникасынан айырылған. Жексенбі күні кешке Ресей телеграм-арналары Ресей әскері барлық шептерін қайтарып алғанын хабарлай бастады. Бұл ұрыс жөнінде Украина ресми ақпарат таратқан жоқ.Украина қарулы күштері құрлықтағы әскерінің қолбасшысы генерал-полковник Александр Сырский Сватовск бағытында 400 метр алға жылжығанын мәлімдеді. Пригожин бұған дейін Вагнер жалдамаларының шебін Ресейдің тұрақты әскеріне өткізгенін хабарлаған.Соғыс жағдайында бұл ақпаратты тәуелсіз, бейтарап көздерден тексеру мүмкін емес.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024