Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Вейптерге неліктен тұсау салынбай тұр?

almaty-akshamy.kz

Вейптерге неліктен тұсау салынбай тұр?

Министрдің сөзінше, аталған тыйым салу тетігін енгізу әзірге Реттеушілік әсерді талдау қағидатына сәйкес келмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Реттеушілік әсерді талдау деген бар. Бұл ретте, бизнестің мүддесіне нұқсан келтірмеу үшін тиісті заңнамалық реттеу тәртібі (жаңа заң жобасы, ережелер) осы процестен өтуі керек. Тиісті заң жобасын әзірлейтін әрбір уәкілетті орган реттеушілік әсерді талдау процесінен өтуі керек. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі оны жарты жылдан бері өткізе алмай отыр. Біз оны қайта пысықтау үшін бірнеше рет қайтардық. Өйткені олар мұны аталған талдау процесі ережелеріне сәйкес жасамаған», - деп түсіндірді Қуантыров. Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі бәрін дұрыс жасаса, Экономика министрлігі тиісті қадамды жасауға дайын. «Өз басым вейптерге тыйым салуды қолдаймын», - деді Ә. Қуантыров. Айта кетейік, Қазақстанда балалардың вейп пен басқа да электронды темекі шегуге құмарлығы артып келеді. Елдегі балалардың 5,8 пайызы электронды темекі тартады екен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024