Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сот шешімімен келіспеген көкшетаулық Астанада темір бағана шығып, наразылық білдірді

azattyq.org

Сот шешімімен келіспеген көкшетаулық Астанада темір бағана шығып, наразылық білдірді

Көкшетау тұрғыны Нұрила Исакова Астанаға келіп, ескі вокзал маңындағы 20 метрлік темір бағанаға шығып, баспана мәселесіне назар аудартуға тырысты.Оқиға орнына келген полицейлер мен құтқарушылар 5 маусым түс ауа әйелді күштеп түсіріп алды. Исакова 5 маусым түнде бағана басына шығып, талабы орындалмайынша түспейтінін айтқан. Ол "баспана мәселеме құзырлы органдардың назарын аудару үшін бардым" дейді.Полиция Азаттыққа Исакованың мәселесін "назарға алғанын" мәлімдеді.- Бұл кісі аяқ астынан өзі қиыншылыққа тап болған қой. Сол қиыншылықпен осындай іс әрекетке барып отыр. Біздің жұмысымыз - осындай кісілерді жаман жерлерден алып, аман сақтап қалу, - деді полицей Серік Малдыбаев.45 жастағы Нұрила Исакова Азаттыққа ұзақ жылдан бері Көкшетаудағы базар маңындағы жер үйі үшін күресіп келеді. Сөзінше, ол бұл үйді 1992 жылы біреуден сатып алған. Кейін ол адам өмірден өткен соң мұрагерлер пайда болып, дау туындаған. Жалғызбасты ана 30 жылдан астам уақыт үйдің салығын төлеп келе жатқанын, соттың әділетсіз шешімінің салдарынан үйінен айырылуы мүмкін екенін айтады.- Мен өзімнің әрекетім дұрыс екенін дәлелдегім келеді. Үй мен жер учаскесі менің екі балама тиесілі. 45 жасқа келдім, мен бұл жүйемен күресе бастағанда жап-жас қыз едім. Олар келіп менің балаларымды неге ата салмайды? Заңды тұрғыда бізді өлтірді, енді тек физикалық тұрғыда өлтіру ғана қалды, - дейді ол.Исакова үйдің дұрыс рәсімделмегенін «жергілікті органдардағы жемқорлықтан» көреді."Менің үйім тұрған жердің бағасы өсті, осыған кейбір шенеуніктер қызығып отыр" дейді ол.Жалғызбасты әйел мұндай наразылықты бұған дейін де өткізген. 2020 жылы жоғары сот, президент әкімшілігі алдында пикетке шықса, 2021 жылы Астанадағы ескі вокзал маңындағы жатақханының төбесінен секірмек болған. Әр наразылықтан соң құзырлы органдар оның мәселесін назар аударатынын айтып келеді, бірақ нәтиже жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024