Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Спорт кешендерінде жаттығу тоқтады

kz.otyrar.kz

Спорт кешендерінде жаттығу тоқтады

Қатты соққан желден спорт мектептерінде де дайындық жұмыстары бүгіннен бастап тоқтатылды. Қауіпсіздік шаралары тағы екі-үш күнге жалғасады. Қалалық №11 шығыс жекпе-жек спорты мектебінің басшылығы күні кеше бапкерлермен арнайы жиналыс жасап, осындай шешімге келген. Ал бүгінтаң ертеңнен бастап өзге де спорт ордалары шәкірттеріне бірнеше күн жаттығу болмайтынын хабарлады.

Данияр Исабеков, қалалық №11 шығыс жекпе жек спорт мектебінің директоры: «Жел тұра бастағаннан бері-ақ балалардың қатары азайған болатын. Қауіпсіздік үшін сабақтар мен жаттығуларды тоқтаттық.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=dVWwkruKD8w[/youtube]

Облыстық спорт мектептері де шәкірттерін кезектен тыс демалысқа жіберді. Тек әуесқой спортшылар ғана жаттығып жүр. Оның өзінде ересектер ғана. Мәселен, су спорты кешенінің басшылары бес жүздей шәкіртін үйіне қайтарды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024