Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Илья Ильин қазақша ән орындап, көптің көңілін босатты

baq.kz

 Илья Ильин қазақша ән орындап, көптің көңілін босатты

Видеода Илья Ильин жұбайына арнап Қазбек Құрайыш орындайтын "Таптым-ау, сені" әнін орындайды. Бұл ән Татьянамен қатар көпшіліктің де көңілін босатып, жүректі елжіретті.

Айта кетсек, ауыр атлетикадан бірнеше дүркін чемпион Илья Ильин ауыр күндерді бастан кешкен. Спортта да, жеке өмірінде де. Допингке қатысты тексеру спортшының бір тізесін бүксе, осындай қиын сәтте әйелінің ажырасу туралы шешім қабылдауы екінші тізесін бүккен еді. Бір сұқбатында Ильин кішкентай қызын қимайтынын, егер әйелі қайта қосылу туралы ойлап жатса, бұған қуана келісетінін айтқан. Бірақ...

Ал биыл жыл басында Илья Ильин кәсіпкер Татьяна Гордиенкомен некелескен болатын.

Қымбат дүниеммен бөліссем бе деймін. Таптым-ау, сені! Мағынасы сондай терең ән! Көзіме жас келді, ал былай өмірде онша жылауық адам емес секілді едім. Мен де сені таптым, жаным @ilyailyinforever. Мен көп уақыт жалғыз болдым. Айналамдағы адамдар: "Сен қиын адамсың" деп сендіріп келді. Әбден жетілген, тым талапшыл, тым оқымысты, көп жұмыс істейтін, жалпы менде көп нәрсе бар, арманым да көп секілді. Сондықтан анау-мынау еркек мені өз әлемімнен суырып алып шыға алмайтын секілді көрінетін. Жалпы, мықты еркекке сөйтсем, тіпті басқа нәрселер керек екен) Жалғызбын деген ойға бой үйрете бастағанмын. Солай-ақ болсыншы дедім, өйткені өзіме солай ұнайтын да еді. Өз адамымды Құдайым жібергенше осылай жүре тұрайын дедім. Бұған да шүкір дестім. Бір күні құрбым: "Өзің қалайтын еркекті Құдайдан сұрасаңшы" деді. Суреттеп, тіпті әдет-дағдыларына дейін тәмпіштеп сұра деді. Күлкілі шығар, бірақ мен құрбымның айтқанын жасадым. Мен ешқандай шарт қоймастан тек ризашылықпен өз ойымдағы адамды сұрай бастадым. Ренжіткен адамдарымнан іштей кешірім сұрадым, Құдайға да рақметімді жаудырдым. Ақыры біз бір-бірімізді таптық, алдымызда не күтіп тұр, оны Құдай ғана біледі, бірақ биыл маған ауыр болса да оны бақытты жылым деп атар едім. Күткен жылдарым соған тұрды. Ақыры, сені таптым-ау! 12 жыл бір-бірімізді біліп-тани тұра жанымыздан өтіп кете беріппіз. Бұл ойланатын жағдай. Мүмкін Сіздің бақытыңыз да жақын маңда жүрген шығар, қарап көріңіз, - делінген жазбада.

Публикация от Татьяна Ильина (@ilyina_tatyana_)

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар