Қазақстандық теннисші Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 174-орында тұрған 31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен өткізді. Т.Скатов 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында Тимофей 18 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 81-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньяр немесе рейтингте 160-сатыдағы боливиялық Уго Дельеннің біреуімен таласады. Жүлде қоры 145 мың еуроға бағаланған дода 10 маусымда мәреге жетеді. Чемпион 19 650 еуро табыс тауып, 125 рейтингілік ұпайға ие болады.
- Соңғы
- Танымал
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
- Маусым, 19
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
1 шілде 2025
1 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар