Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Африка саяси консультацияларының 7-ші раунды өтті

baq.kz

 Астанада Қазақстан мен Оңтүстік Африка саяси консультацияларының 7-ші раунды өтті

Жиын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш пен Оңтүстік Африка Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрінің орынбасары Кандиз Машего-Дламинидің төрағалығымен ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сауда және инвестициялар, көлік және логистика, туризм, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, білім мен ғылым салаларындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар достық және өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Оңтүстік Африка қатынастарының оң динамикасы мен табысты дамуын жоғары бағалады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету мақсатында екі ел арасында ресми сапарлар ұйымдастыру, шарт-құқықтық базаны кеңейту және сыртқы саяси ведомстволар деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024