Гаагада Украинаның Ресейге қарсы шағымына байланысты алғашқы сот тыңдауы өтті

Гаагадағы БҰҰ халықаралық сотында Украинаның Ресейге қарсы шағымына байланысты алғашқы тыңдау өтті.Шағым түсіруші жақ Ресейді “терроризмді қаржыландырумен күрес” және “нәсілдік алалаудың кез келген түрін жою” туралы халықаралық конвенция шарттарын бұзды деп айыптап отыр. Бұл жөнінде “Неміс толқыны” жазды.Тыңдау 8, 12 және 14 маусымда жалғасады. Одан кейін сот үкімі шығады. БҰҰ-ға шешім шығару үшін бірнеше ай қажет.Украина сыртқы істер министрлігінің айырықша істер жөніндегі уәкілі Антон Кориневич Гаагадағы отырысты алтыжылдық жұмыстың шарықтау шегі деп атады. Оның айтуынша, бұл халықаралық сотта Украина шағымы бойынша қарала басталған Ресейге қарсы алғашқы процесс.Сотта қаралып жатқан оқиғалар 2014-2015 жылдар жасалған деп айтылады. Гаагадағы украин делегациясының айтуынша, олардың қолында Ресейді жауапқа тартуға негіз беретін өзге де құжаттар бар: украин халқына жасалған “геноцид ісі”, Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президенті Владимир Путин мен Ресей омбудсменін тұтқындау туралы ордер, Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты іс.БҰҰ халықаралық сотының шешімін екі тарап та орындауға міндетті. Ресей делегациясы “Неміс толқыны” журналистерінің сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
25 қыркүйек 2023
25 қыркүйек 2023
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар