Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қытайдан келетін тауарлардан бюджетке 465 млрд теңге түсті – Жамаубаев

baq.kz

 Қытайдан келетін тауарлардан бюджетке 465 млрд теңге түсті – Жамаубаев

Мәжілісте Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалып жатыр. Экспорттық, импорттық стастистикадағы алшақтық бойынша қабылданған шаралардың жеткіліксіз әсері туралы айтылып жүр. Жалпы әлемдік тәжірибеде барлық елде тауарлардың сыртқы саудасының кедендік статистикасы деректерінде әріптес елдермен сәйкессіздік болып тұрады. Мысалы, 2021 жылы Қытай мен АҚШ арасындағы алшақтық 66 млрд доллар болса, Германиямен 58 млрд доллар болған, - деді Жамаубаев. Премьер-министрдің орынбасарының айтуына қарағанда, мұндай алшақтықтың негізгі себебі сыртқы сауда статистикасын қалыптастырудың әдістемелік ерекшектерінде. Дегенмен алшақтықты азайту мақсатында жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Тауарларға арналған декларацияларды бақылау және шығару үшін кедендік функцияларды орталықтандыру іске асырылды. Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан Бас диспетчерлік басқарма құрылды. Бұл бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға, өткізу пунктеріндегі жедел ахуалға қашықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, - дейді ол. Сондай-ақ экспорттық декларацияларымен онлайн алмасу жүргізіліп жатыр. Мысалы, мұндай ақпарат Қытайдан Қазақстанға тауар келмей тұрып алынады. Бұл (елімізге) келе жатқан тауарлар туралы алдын ала ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жалпы өткен жылы Мемлекет басшысы кеден саласын тәртіпке келтіруге қатысты арнайы тапсырма берген болатын. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде былтыр тек Қытайдан келетін тауарлардан бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлем мен салық түсті. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60%-ға артық, - дейді Ерұлан Жамаубаев.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 желтоқсан 2024