Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордалықтар "Қызылорда-Жезқазған" жол құрылысына алаңдаулы

baq.kz

 Қызылордалықтар Қызылорда-Жезқазған жол құрылысына алаңдаулы

Халықтың көкейіндегі сұрақты жеткізген журналист ел арасында жол апаты көп болғандықтан, «долина смерти» деп аталған «Қызылорда-Жезқазған» тас жолының құрылыс жұмыстары аяқталмай қала ма деген алаңдаушылық барын айтты. Себебі өңірде битумнан үнемі тапшылық болады. «Қызылорда-Жезқазған» тас жолын жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен былтыр маусым айында басталды. Қазіргі таңда қызу жүріп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Битум мәселесі Үкімет басшысының да, министрдің де бақылауында. Битумды артығымен алып қойған. Ол Қызылорда қаласының қоймаларында сақталған, - деп жауап берді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. Әкім Қызылорда облысынан Ұлытау облысының Жезқазған қаласына дейінгі 216 шақырымды құрайтын арақашықтықтың биыл 140 шақырымға жуығы аяқталатынын айтты. Ал қалған жолды 2024-2025 жылдары бітіру жоспарланған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 мамыр 2025