Зеленский Жеңіс күнін 9 мамырдан 8 мамырға ауыстыратын жарлыққа қол қойды
Украина президенті Владимир Зеленский Жеңіс күнін 9 мамырдан 8 мамырға ауыстыратын жарлыққа қол қойды.Жарлық бойынша, совет кезінен бері Жеңіс күні аталып келе жатқан мереке бұдан былай "1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста нацизмді жеңген күн және еске алу күні" деп аталады, демалыс күні болады. 9 мамыр жұмыс күні саналады, алайда бұл күнді "Еуропа күні" деп атап өтеді.Зеленский бұған дейін Жеңіс күнінің атауы мен уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасағанда "әлемнің көптеген халқы 8 мамырды нацизмді жеңген күн ретінде еске алатынын, өйткені 8 мамырда вермахт сөзсіз капитуляция туралы қол қойған акт күшіне енгенін" айтқан.Зеленский "Бұл – жалпы Еуропа дәстүрі, Украина бұл күнді өркениетті елдермен бірге атап өтуге тиіс" деген болатын. Батыс Еуропа мен АҚШ гитлерлік Германияның жеңген күн ретінде 8 мамырды, ал постсоветтік елдер мен Шығыс Еуропаның кейбір елдері 9 мамырды белгілеген.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 наурыз 2026
14 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар