Абай облысындағы өрттен келген шығын әлі есептелген жоқ – Қаржы министрі
Абай облысындағы өрттен болған шығынға қатысты есептеулер жүргізілген жоқ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жалпы, өрт салдарын өтеу бойынша шығындар әлі есептелген жоқ, өйткені өрт әлі де толық сөндірілмеген. Бұл үшін Үкіметтің де, Абай облысының де резерві бар. Нақты есептеулер жүргізілгеннен кейін, мәліметтерді жариялаймыз. Бұл тұрғыда қажет болған жағдайда, тиісті төлемдерді жасаймыз», — деді Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап бере отырып. Бүгін сондай-ақ Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев өртті өшіруге арналған әуе техникасы жайында түсінік берген еді. Оның пайымынша, алдағы 4-5 күнде өрт толықтай сөндірілуі мүмкін.
- Соңғы
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
- Желтоқсан, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 01
-
-
- Қараша, 28
-
-
-
- Қараша, 27
-
-
-
- Қараша, 26
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
7 желтоқсан 2025
7 желтоқсан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар