Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Абай облысындағы өрттен келген шығын әлі есептелген жоқ – Қаржы министрі

inform.kz

 Абай облысындағы өрттен келген шығын әлі есептелген жоқ – Қаржы министрі

 Абай облысындағы өрттен болған шығынға қатысты есептеулер жүргізілген жоқ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жалпы, өрт салдарын өтеу бойынша шығындар әлі есептелген жоқ, өйткені өрт әлі де толық сөндірілмеген. Бұл үшін Үкіметтің де, Абай облысының де резерві бар. Нақты есептеулер жүргізілгеннен кейін, мәліметтерді жариялаймыз. Бұл тұрғыда қажет болған жағдайда, тиісті төлемдерді жасаймыз», — деді Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін журналистердің сауалдарына жауап бере отырып. Бүгін сондай-ақ Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев өртті өшіруге арналған әуе техникасы жайында түсінік берген еді. Оның пайымынша, алдағы 4-5 күнде өрт толықтай сөндірілуі мүмкін.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар