Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Михаил Саакашвилиді Польша дәрігерлерлері медицина тексерісінен өткізе бастады

azattyq.org

Михаил Саакашвилиді Польша дәрігерлерлері медицина тексерісінен өткізе бастады

Польшаның бір топ дәрігері Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді жан-жақты медициналық тексерістен өткізе бастады. Мұны Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий кеше, 12 шілдеде мәлімдеді. Саакашвили 2021 жылы "президент кезінде билігін асыра пайдаланғаны үшін" алты жылға қамалған.Саакашвили грузин сотының саяси астары бар деп санайды. Ол грузин түрмесіне түскелі әлденеше рет қарсылық білдіріп, аштық жариялаған, азып-тозған."Біз достарымызды қиын жағдайда тастап кетпейміз" деп жазды Моравецкий "Твиттеріне". –Менің өтішім бойынша Польшаның бір топ дәрігері Грузиядағы Михаил Саакашвилиді жан-жақты медициналық тексерістен өткізе бастады".Бұған дейін Польша билігі Грузия үкіметінін Саакашвилиді Польшаға жіберіп емделуге рұқсат етуді сұраған. Одан кейін Украина президенті Владимир Зеленский де осыған ұқсас талап айтқан. Грузияның бұрынғы президенті де шетелде емделуге мүмкіндік беруді талап еткен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар