Эр-Рияд пен Анкара Ресей заңсыз әкеткен украин балаларын қайтару туралы келіссөзге кіріскен
Сауд Арабиясы мен Түркия Ресейге әкетілген украин балаларын қайтару туралы келісім жасауға талпынып отыр. Мұны өзінің ақпарат көздеріне сүйенген Financial Times жазды. Бұл мәліметке қарағанда, келіссөз жүріп жатқанына бірнеше ай болған.Басылымның жазуынша, ара ағайын елдер Украинаның да, Ресейдің де көңілінен шығатын жол тапқысы келеді. Эр-Рияд пен Анкара өздерінің жанжалдасушы тараптармен үзілмеген қарым-қатынастары болашақта соғысты тоқтатып, бейбіт келіссөз бастайтын арнаға айналады деп үміттенеді.Financial Times жазуынша, мәселені талқылауға Ресей бизнесмені Роман Абрамович те қатысып отыр. Оны Мәскеудің бейресми өкілі ретінде қарастырады.Украина мен Ресей бір-бірімен тікелей келісім жасасқысы келмейді. Сондықтан украин балаларын репатриациялау процесі күрделі бола түседі.Келіссөз барысымен таныс дипломаттың сөзінше, Ресейге әкетілген украин балалары жөніндегі мәселені биыл маусымда Копенгагенде өткен "Үлкен жиырмалықтың" жабық кездесуінде Сауд Арабиясы көтерген. Осыдан кейін Батыс елдері украин балаларын қайтару туралы келіссөзге Эр-Рияддың қатысқаны дұрыс дескен.Украина тарапының мәліметіне қарағанда, Ресей кәмелет жасқа толмаған шамамен 20 мыңға жуық украин баласын әкеткен болуы мүмкін. Йельск университетінің гуманитарлық лабароториясы Ресей кем дегенде 6 мың баланы әкетті деп санайды. Мәскеу бұл цифрды әлдеқайда азайтып көрсетіп отыр.Бұған дейін Ресейдің Ростов облысының 2022 жылғы есебіне сүйенген "Важные истории" Ресей 1184 баланы әкеткен деп жазған еді. Бұл Ресейдің ресми мәліметіндегі цифрдан үш есе көп.Financial Times Ресей әкеткен балалалардың нақты саны беймәлім, оны толық санау да өте қиын деп жазды.Биыл халықаралық қылмыстық сот Украина жерінен украин балаларын заңсыз әкетті деген күдікпен Ресей президенті Владимир Путин мен Ресейдің балалар омбудсмені Мәрия Львова-Белованы қамауға алу жөнінде ордер берген.
- Соңғы
- Желтоқсан, 29
-
- Желтоқсан, 25
-
- Желтоқсан, 22
-
-
- Желтоқсан, 18
-
-
-
- Желтоқсан, 17
-
- Желтоқсан, 16
-
- Желтоқсан, 15
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
- Желтоқсан, 04
-
-
- Желтоқсан, 03
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
2 мамыр 2026
2 мамыр 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар