Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мақсат Толықбай Құлсары туралы: Дау әлі созылады

paryz.kz

Мақсат Толықбай Құлсары туралы: Дау әлі созылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат Мақсат Толықбай жуырда ғана Атырау облысында болып, биыл суға кеткен үйлер өткен жылы ғана салынғанын айтқан еді.

«Құлсарыдағы жағдайды көзбен көрдік. Ауданның аты да айтып тұр «Жылы ой» деп, ойда орналасқан. Кеше Ақтөбеден келдім, ол жақтың суы кішкене тартылып, жер кебе бастады. Құлсарының жеріне келетін болсақ, ол сор. Әлі сол күйі тұр. Кейбір мәйіттердің су бетіне шығып кеткенін білесіздер. Кейбір дәретханалар жердің бетінде, ол жерде ауру тарауы мүмкін. Ол қашан жер бетіне сіңеді? Қанша ай күтуіміз керек? Ертең қыс түсіп кетпей ме деген мәселе. Сондықтан, басқа жерлерге де үй салу мәселесі көтеріліп жатыр. Қазір жоспарда бар, жеке 150 типтегі шағын аудан құру мәселесі және бұл құптарлық мәселе. Кейбір жерлер шынымен жарамыз», - деді депутат.

Мақсат Толықбайдың айтуынша, өтемақыға байланысты дау орынды нәрсе.

«Енді басқа өңірлермен салыстарғанда рас, логистика өте қымбат, азық-түліктен бастап Құлсарыға жеткізу өте қиын. Барлық нәрсе қымбат. Сондықтан, 240 мыңға көңілі толмай жатқандар бар, оған келісіп жатқандар бар. Біреулер енді шаршы метрге 400 мың теңге берсін дейді. Айналып келгенде, ешкім 500-600 мыңды қоя салайын деп отырған жоқ. Бағалауға келіп сүйенеміз. Қалай бағалайды. Бірақ, ол әділ болуы үшін комиссия құрамына бүкіл тұрғындар кірмесе де, жергілікті жердегі белсенділер міндетті түрде енгізуді талап еттік. Осы айдың соңына дейін бағаланады. Одан кейін, әкімдіктен жәрдем ала алады. Әр кім өз талабын жеткізуге әрине құқылы.

Бірнеше айға дейін созылады бұл дау. Өйткені, айдың соңында ешкім үй салып бере алмайды. Ертең оны жергілікті компаниялар салу керек. Ол қанша ай уақыт алады, инфрақұрылым жүргізу мәселесі бар. Рас, тұратын жерде жетпей жатыр. Қазір ай сайын өтемақы берген күннің өзінде, бос жатқан үйлер жоқ. Біреулер барып «шевронның» жатақхасына барып жатсын дейді, 100 км оған келісіп отырғандар да бар, келіспей жатқандар да бар. Күлде қонып жатқан көпбалалы аналарды көрдім, дүкенінде кіреберстің еденінде жатқандарды көрдім. Жағдай өте қиын.

Әр кім өз үйі болғасын максималлды өтемақы алғысы келеді.

Басқа өңірлер ренжімесін, Құласырының жағдайы қиындау. Ештеңе жоқ ол жерде, құрылыс материалдары бәрі сырттан келеді. Логистика өте қымбат. Кейбір нәрселерге түсіністікпен қарау керек шығар», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 маусым 2024