Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Бишімбаев сияқты дау болады»: Экс-әкім әйелін ұрды деп айыпталды

kaz.365info.kz

«Бишімбаев сияқты дау болады»: Экс-әкім әйелін ұрды деп айыпталды

Атырауда Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты сот отырысы өтті. Ол бұрынғы әйелін ұрып-соғып, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған. 12 маусым күні өткен сотта күдіктіден жауап алынды. Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваның арандатуы шамамен екі жыл бұрын басталғанын айтты. Оның айтуынша, олардың арасындағы жанжал 2023 жылдың 31 мамырында Ақмарал балаларды үйде жалғыз қалдырып, фитнеске кетіп қалған кезде басталған. «Мен Мақат ауданының әкімі болып 2022 жылдан бері жұмыс істеймін. Қызметте жүргенде түрлі арандатушылықтар болып тұрады, бірақ заңды әйеліммен мұндай жағдай болады деп ойламаппын. Сол күні мен анама бір сағаттан кейін үйге келетінімді ескерттім, бірақ олар тойда болды. Үйге келгенде ұлым мен қызымның үйде жалғыз отырғанын, тағы бір қызымның жоқ екенін білдім. Сосын әкеме қоңырау шалып, қызымды сабақтан әкелуін өтіндім, кешкі сағат 9-10 шамасында қызым үйге келді жаңбыр жауып, оның киімдері дымқыл болды. Қазір қоғамда түрлі жағдайлар болып жатыр, мен Ақмаралдан «қызың үшін қорықпайсың ба?» деп сұрадым. Қызым ол оқиғаның жалғыз куәгері, оның сөзін естідіңіздер. Ұрыс болды, бірақ ұрып-соғу болған жоқ. Мен оған оның істегені дұрыс емес екенін айттым. Бөлмеге кіріп, киініп үйден шықтым. Осы кезде ол қыздарға жиналыңдар деді, бірақ олар ешқайда бармайтындарын, қалатындарын, оларға 2013 жылдан бері әжесі қарайтынын айтып жауап берді. Сосын қыздарды тастап, кішкентай ұлымызды алып, аулада серуендейтінін айтып, кетіп қалды», – деді бұрынғы әкім Ибрагимов. Ол сол кездегі әйеліне бірнеше рет хабарласқанын, алайда, оның жауап бермегенін айтты. «Ол мұны әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытты. Әйелімді мұндай қадамға біреу итермелеп немесе көндірген шығар. Қазір әйелім істеп жатқанның бәрі балаларға әсер етеді. Оның барлық әрекеттері мені жұмыстан шығаруға бағытталған деп есептеймін», – деді Ибрагимов. Ибрагимов әлеуметтік желідегі көп қысымға байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болғанын, балалардың жанын жараламау үшін осындай шешімге келгенін айтты. Сотталушының айтуынша, бұрынғы әйелі отбасын сақтап қалу үшін оған бірнеше шарт қойған. Бұрынғы әйелін ұрды деп айыпталған Мақат ауданының әкімі қызметінен кетті «Мен оған 19 миллион теңге мен көлік бердім. Оның басты шарты баспана алу болды. Осы уақытқа дейін хабарластық, сотқа дейін кездестік. Сот басталғаннан кейін бәрі өзгерді. Қазір қыздары да анасын көргісі келмейді. Ол мені жұмыстан шығаратынын, бәрінен айырылатынымды айтты. Мен бәрін жасадым, бірақ бәрі бекер болды. Ол пәтер сұрады, мен оған ақша тауып бердім, достарым да көмектесті. Ата-анам үнемі көмектесіп жүрсе де, ол олар туралы да жаман сөздер айтты. Мен Ақмаралдың әрекетінде үшінші тұлғалардың бар-жоғын білмеймін, бірақ бұл мәселеден оған ешқандай пайда жоқ. Мен одан тоқтатуын өтіндім, бірақ ол қоқан-лоққыларын жалғастырады берді. Ол мені жұмыстан шығаратынын айтты, дегеніне жетті. Ол әлеуметтік желілерде Бишімбаев ісі сияқты дау болатынын айтты, солай жасады», – деді Ибрагимов. Сотта қойылған сұрақтардың біріне жауап берген экс-әкім Үмбетқалиеваның омыртқасын өз бетімен жарақаттап алуы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, жәбірленуші жиі белінің ауыратынын айтып шағымданған. «Мен оған фитнеске жылдық абонемент сатып алдым, ол үнемі белінің ауыратынын айтып шағымданданатын, сондықтан ол бұл жарақатты басқа жағдайларда алған деп ойлаймын», – деді бұрынғы әкім. Енді осы іс бойынша келесі сот отырысы 14 маусымда өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 маусым 2024