Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақ әйелі алғаш рет Моңғолия парламентінің депутаты атанды

kaz.365info.kz

Қазақ әйелі алғаш рет Моңғолия парламентінің депутаты атанды

Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Замира Сонгобай Моңғолия парламентінің депутаты болып сайланды. «2016 жылдан бері биліктегі Моңғол халық партиясы 28 маусымда өткен елдің Мемлекеттік Ұлы Хуралы (парламент) сайлауында тағы да көпшілік дауысқа ие болды», – деп жазады ТАСС. Парламент сайлауының алдын ала қорытындысы сегіз жыл билік еткен Халық партиясы 500 123 дауыс жинағанын көрсетті. Осылайша ұлты қазақ Замира Сонгобай 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа сайлау заңы бойынша парламентке өткен 32 әйелдің қатарына кіріп отыр. Замира Сонгобай – көпбалалы ана. Сондай-ақ Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Мамандығы – экономист, ұзақ жылдар бойы сауда саласында қызмет еткен. Біріккен венгр-монғол сыртқы сауда компаниясына иелік етеді. 2007 жылдан бері Қазақстан азаматымен бірге пайдалы қазбаларды өндіру және барлау жөніндегі компанияның ортақ иесі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 шілде 2024