Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі елшісі ауысты
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ал Асқар Жұмағалиев болса Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Еске салайық, Әбдірахманов 2013-2016 жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болды. 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның сыртқы істер министрі қызметін атқарған.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
7 қазан 2024