Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Туған анасын ұрып-соққан экс-әкімнің ұлы сотталды

kaz.365info.kz

Туған анасын ұрып-соққан экс-әкімнің ұлы сотталды

Қарағандының Қазыбек би аудандық соты бұрын Қарағандыны басқарған марқұм Шаймерден Оразалиновтың ұлы Әбіл Оразалиновқа қатысты үкім шығарды. Ол 78 жастағы туған шешесін ұрып-соққан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары У-ды 1946 жылы туған анасы К-нің денесін әдейі жарақаттап, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін және дәрменсіз күйде қалдырғаны үшін ҚК 107-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша айып тақты. Сот хабарламасында көрсетілгендей, сотталушы У анасымен жалжалдасып, оның басынан, денесінен ұрып, тепкен. Салдарынан кейуананың миы шайқалған, беті жарақаттанған, қабырғалары мен омыртқасы сынған. Әбіл Оразалинов істеген ісі үшін өкінбеген. Сот оны 3 жылға соттап, жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеуге үкім шығарды. Сонымен қатар, сотталушыдан 1 млн теңге көлемінде моральдық зиян сомасы, сондай-ақ адвокаттарға төленген шығындар өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 қыркүйек 2024