Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балалар суициді: Бас прокурор әр фактіні мұқият бақылауды тапсырды

kaz.365info.kz

Балалар суициді: Бас прокурор әр фактіні мұқият бақылауды тапсырды

Бас прокурор Берік Асылов балалар арасындағы суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді «Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиянды сайт пен сілтемені бұғаттады», – деп жазды Асылов Х парақшасында. Сондай-ақ, ол қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатқанын айтты. «Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейміз», – деді ол. Еске салсақ, қыркүйек – елімізде балалардың өз-өзіне қол жұмсауы, жасөспірімдер арасындағы буллинг пен зорлық-зомбылықтың салдарынан қайғылы жағдайға толы ай болды. Осыған байланысты, ҚР Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев биыл суицид белгісі бар 43 интернет ресурс анықталып, Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұғаттауға жіберілгенін айтты. Ол адамның неге өзіне қол салғаны тек тергеу барысында анықталатынын атап өтті. «Суицид жасау мен оған оқталудың 14 дерегінде кәмелетке толмағандар мас күйде болған, ал бір жағдайда жасөспірім есірткі тұтынған. Талдау барысында 15-17 жас аралығындағы, яғни өтпелі кезеңдегі жөспірімдер суицид жасайтыны анықталды», – деді ресми өкіл. Шыңғыс Алекешев Қазақстанда суицид дерегінің жиілеуіне байланысты ата-аналарға үндеу жасады:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 желтоқсан 2024