Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сенат депутаты АЭС-ті Семей полигонына салуды ұсынды

kaz.365info.kz

Сенат депутаты АЭС-ті Семей полигонына салуды ұсынды

Сенат депутаты Андрей Лукин АЭС-ті Семей полигоны аймағына салуды ұсынды. Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында ол атом электр станциясын Абай облысының Курчатов қаласына салуды ұсынды. Айтуынша, Семей ядролық полигоны болған уақытта сол маңда атом энергетикасы бойынша ғылыми орталықтар жұмыс істеген болатын. Бұл орталықтар әлі де қызмет атқарып келеді. Тіпті, бүгінде қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімдерімен толығып отыр. «Атом энергетикасын дамытуда Курчатов қаласының рөлі маңызды. Қала сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқан, дамыған желілік инфрақұрылым бар және энергетикалық қуатты апаттық жағдайда резервке алу мүмкіндігі жоғары. Станция салуға ғылыми-техникалық қолдау көрсететін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, радиоактивті қалдықтарды сақтауға қажетті ресурстар жеткілікті, су тапшылығы да болмайды», – деді Андрей Лукин.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 желтоқсан 2024