Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

5 жыл бұрын қатаң сөгіс алған Әнуар Күмпекеев Көкшетау әкімі болды

kaz.365info.kz

5 жыл бұрын қатаң сөгіс алған Әнуар Күмпекеев Көкшетау әкімі болды

9 қарашада Көкшетау қаласының жаңа әкімі болып Әнуар Күмпекеев тағайындалды. 2018-2019 жылдар аралығында Күмпекеев Павлодар қаласының әкімі болып жұмыс істеді. Павлодар облысының әкімі 2018 жылы Әнуар Күмпекеевке 49 миллионға қызметтік пәтер сатып алғаны үшін қатаң сөгіс жариялаған еді. 2019 жылы қара ағаштан жасалған жиһаз сатып алғанынан кейін тағы сөгіс алады. «Қала әкімі Әнуар Күмпекеевке қымбат пәтер алуға байланысты бюджет қаражатын тиімсіз және ысырап еткені үшін сөгіс жарияланды, алайда ол қатесін тағы қайталады. Ол 6 миллион теңгеге қара ағаштан жасалған жиһаз сатып алды. Президенттің тапсырмасын елемейді. Оған бюджеттің басым емес шығыстарына тыйым салу туралы тікелей тапсырма берілді. 11 маусымда Күмпекеевке қатаң сөгіс жарияланды», – деді Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов. Содан шенеунік еңбек демалысына шығып, артынша қызметінен кетті. Алайда 2024 жылдың қарашасында Әнуар Күмпекеев Көкшетау қаласының әкімі болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қараша 2024