Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені рас па?
Желіде әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаев өз жазасын өтеп жатқан жоқ деген ақпарат тарады. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жағдайға қатысты пікір білдірді. «Сотталған Бишімбаевтың абақтыдан қашып кеткені туралы жалған ақпарат тарады. Сотталған жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», – делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 2024 жылдың 13 мамырында Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен 100 миллион теңге жымқырды деген күдікпен Астана тұрғынына қатысты істің тергеліп жатқаны белгілі болды.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024