Президент жарлығымен еліміздің бірнеше мемлекеттегі Елшісі босатылып, тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Жанна Ниязбекқызы Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
21 қараша 2024