Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ерболат Досаев: Алматыға «бақ қала» мәртебесі қайтарылады

ktk.kz

Ерболат Досаев: Алматыға «бақ қала» мәртебесі қайтарылады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025 - 2027 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасы талқыланып жатқан мәслихат сессиясында мәлімдеді. Негізгі бастамалардың бірі – 2022 жылы бекітілген «Жасыл Алматы» жол картасы. Бағдарламаның басты мақсаты – 2030 жылға дейін 2,5 млн жасыл желек отырғызу. Жыл сайын 320 мың ағаш пен бұта отырғызу көзделген. 2025 жылға дейін 1,2 млн, ал 2030 жылға дейін шамамен 1,3 млн ағаш отырғызылады.

2024 жылы 320 мың жасыл желектің 224 мың көшеті отырғызылды, оның ішінде 150 мыңнан астамы ағаш, ал 74 мыңы бұта. Ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда, жыл соңына дейін тағы 96 мың көшет отырғызу жоспарланған.

– Мемлекет басшысының «Алматы – бақ қала» мәртебесін қайта жаңғырту тапсырмасын сапалы жүзеге асыру мақсатында 2023-2024 жылдары 500 км автосуару және тамшылатып суару желілері орнатылды. 2025 жылы тағы 290 км желі тарту үшін 4,1 млрд теңге бөлінеді. Бұл жүйе 1 млн-нан астам ағашты автоматты суару жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді, – деді Ерболат Досаев.

Айтуынша, «Жасыл Алматы» жол картасы – тек экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған бастама. Жасыл желектер микроклиматты жақсартуға, ауа ластану деңгейін төмендетуге және жайлы қалалық орта құруға ықпал етеді.

2024 жылдың сәуір айында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Алматы – бақ қала» акциясы өткізілді. Іс-шара барысында 7 мыңнан астам жасыл желек, оның ішінде 4 015 жеміс ағашы (оның 3 855-і алма ағашы), 1 090 жапырақты ағаш және 2 600 бұта отырғызылды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 желтоқсан 2024