«Мәңгүрт»: Вице-министр қазақша әрең сөйлеп, халыққа жақпай қалды
Шымкентте ел алдына шығып, “Ақылды қала” туралы қазақ тілінде сөз сөйлеген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Оразбек Асхат сынның астында қалды. Оның қазақша ежіктеп мәтін оқығаны туралы видео желіде тарады. Вице-министр әлдебір бағдарламаның уақытты үнемдеп, қашықтан құжат алмасуға және жұмысты автоматтандыруға көмектесетіні туралы айтып жатыр. Алайда қағаздағы мәтінді өзі түсінбестен, ежіктеп оқып тұрғанын байқауға болады. Кейін қазақ тілінде жазылған баяндаманы оқып қиналып кеткені сонша, Оразбек Асхат шашымен алысып кетті. Оның бұл әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
21 желтоқсан 2024