Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Сыртқы істер министрлігінен 11 функция алынып тасталды

ktk.kz

Сыртқы істер министрлігінен 11 функция алынып тасталды

Заң халықаралық қатынастар саласындағы заңнаманы және дипломатиялық қызметті жетілдіруге бағытталған.

- Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген заң бойынша бірқатар заңдарға өзгеріс енгізілді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» заңынан Министрліктің (СІМ) 11 функциясы, 4 артық нақтыланған норма, «Дамуға ресми көмек туралы» заңынан 6 функциясы алынып тасталды, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңына құқықтық олқылықты жою мақсатында редакциялық түзету енгізілді. Бұлар қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде және басқа да заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерде қарастырылған, - деді сенатор Дархан Қыдырәлі.

Заңда Сыртқы істер министрлігі қызметінің ерекшелігін ескере отырып, дипломатиялық қызмет ардагерлеріне бұрын халықаралық ұйымдарда қызмет атқарған азаматтарды теңестіру көзделген. Сонымен қатар дипломатиялық корпустың біліктілігін арттыруға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыратын дипломатиялық қызметшілердің шет тілдерін білгені үшін төлемдері өзгертілді.

- Халықаралық шарттарды басқарудың электрондық жүйесі енгізілді. Соның есебінен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды жасасуды жоспарлау алынып тасталды. Өз кезегінде бұл процесті оңтайландырады. Мұнымен қоса, Үкіметке Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан дипломатиялық қызмет органдарына бекітілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару тәртібін бекіту бойынша құзырет берілді. Осы өзгеріс Үкіметке мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен қатар, Сыртқы істер министрлігін осындай иеліктен шығаруды жүзеге асыратын орган ретінде айқындауға мүмкіндік береді, - деді депутат.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 желтоқсан 2024