Депутат Мұқаев қымбатшылықты айтып, дабыл қақты
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев азық-түлік бағасы шарықтап бара жатқанын сынады. Оның айтуынша, бұрын 1 келі картоп 150-180 теңге болған, қазір 485 теңге. «Қымбатшылық бетімен кетіп барады. Ал антимонополиялық комитет жұмысы – 0. Осы кезге дейін картоптың келісі 150-180 теңгеден еді. Қымбаттағаны картоп қана емес. Өспей жатқаны айлық қана» – деді ол. Мәжілісменнің уәжінше, Қазақстанда орташа жалақының 52-56 пайызы тек азық-түлікке кетіп жатыр. «Экономикасы нашар Африка елдерімен пара-пар: Нигерия елі (59%), Мьянма (56,6%), Кения 56,1%, Бангладеш (52,7%), Лаос (50,6%) ал Ангола (49,7%) жұмсайды. 105 елдің ішінде соңғы қатардамыз. Ал АҚШ орташа айлықтың 6,7%, Сингапур халқы болса 8,4%, ұлыбританиялықтар 8,7% ақшасын тамаққа жұмсайды. Соғыс болып жатқан Ресейдің өзінде 29%, ал Украинада 41,6% екен. Сонымен қатар Беларусь халқы – 32,1%, Түркіменстан 36,9%, ал өзбектер 46,5% ақшасын азық-түлікке жаратады», – деді депутат.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
22 қаңтар 2025